«Қазақ елі менің-Отаным» ақпарат сағаты.
Қазақстан, Қазақстан – алтын күн,
Жанымызда жарылқайтын жарқын күн.
Атандың сен барлық әлем тілінде,
Атыменен «Қазақ» деген халқыңның.
Республика күні – бұл күнді сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап, найзаның ұшымен, білектің күшімен тәуелсіздікке қол жеткізді. Бұл тек тарихи оқиға емес, ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі. Әр ұрпақ осы мерекені атап өту арқылы тәуелсіздік жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін еске алады және болашаққа нық сеніммен қарайды. Біздің еліміз көп ұлтты мемлекет, сондықтан бұл мереке халықтар арасындағы достық пен татулықты да дәріптейді. Осы мерекеге орай біздің кітапханамыз оқырмандарға арнап «Қазақ елі менің – Отаным» атты ақпараттық сағатын және «Айбыны биік туған жер» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапханшы Д. Жигомпар «Қазақ елі», «Атамекен», «Саржайлау» әндерін орындады. Кітапхананың белсенді оқырмандары Б.Аккузинова, С.Сатыбалдин мерекеге орай өздерінің құттықтау сөздерін айтты.
Қазақстан Тәуелсіздік алуына жол салған Республика күні. Республика күнінде жүрегі қазақ деп соғатын әрбір Қазақстан азаматының кеудесін мақтаныш кернеп, еліне деген сүйіспеншілігі жүзінен байқалатын күн.
Ендеше, Тәуелсіздіктің ақ таңына жол ашқан 25 қазан, Республика күні құтты болсын! Ел іргесі мықты болсын! Жүзіміз жарық болсын.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/aza-eli-meni-otanym-atty-a-paratty-sa-at.html#sigProId63db975c10