2024 жылдың 22 мамыр күні № 24 мектептің 6 «а» сынып оқушыларына арнайы қазақ әдебиетінің төрінен орын алған жерлесіміз, әйгілі жазушы, ақын Сәбит Дөнентаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ өлеңінің бозторғайы» атты әдеби сағаты өткізілді.
1894 жылы Павлодар облысы Ақсу ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Әкесі Дөнентай малға жарлы болғанымен, аздап сауат ашқан, көңіл көзі ояу кісі болған. Анасынан жеті жасында жетім қалған Сәбитті жаңаша тәрбиелеуге тырысқан да сол көзі ашық әкесі. Руы Арғын ішінде Бәсентиін.
Бала кезінен оқу-білімге ұмтылған болашақ қаламгер алдымен ауыл молдасынан сауат ашып, хат таныған. Оқушыларға Сәбит Дөнентаевтың «Көркемтай» әңгімесінен қысқаша үзінді бейнебаян көрсетіліп, арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара соңында балалардың қатысуымен жазушының «Замандастар» өлеңі оқылды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/aza-le-ini-boztor-ajy-atty-debi-sa-aty.html#sigProIdeaad5fe80b