27- қазан күні облыстық арнайы кітапханада оқырмандарға арнап, совет одағы кезінде есімдері жер жарған қазақтың ұлы өнер иелерінің биылғы мерей той иелеріне байланысты яғни соның ішінде Р.Бағланова-, К.Байсеиітова, Ш.Жиенқұлова, А.Әшімов, Г.Жұбановаға арналып «Қазақ өнерінің майталмандары» атты тәрбие сағаты аталып өтті.
Аталған өнер майталмандарының өмірбаяны мен сол жылдарда жеткен жетістіктері туралы мәліметтер беріліп, оқырмандар ұлы өнер иелері жайында өздері білетін ақпараттармен бөлісті.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/aza-nerini-majtalmandary.html#sigProId56f2d89793