2022 жылдың 11 ақпанында Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясымен бірлесіп Қазақ соқырлар қоғамының 85 жылдығына арналған мерекелік концертін өткізді.
Қазақ соқырлар қоғамы – зағиптар мен нашар көретін жандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларды әлеуметтік қолдау және оңалту мақсатында ұйымдастырылған бірлестік. Көзі нашар көретіндерге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін арнайы кітапхана ҚСҚ Павлодар филиалымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді және кітапхана алғашқылардың бірі болып құттықтау мерекелік концертін ұйымдастырды.
И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының өнерпаздарына мың алғыс! Олар: «ЛАД» орыс халық аспаптар ансамблі, жетекшісі – Оксана Петрушкина; республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары – Евгений Пак, Дарина Ермекбай, Ризахан Қабиев, Жанболат Байсолтан және Андрей Соловьев.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/aza-so-yrlar-o-amyna-85-zhyl.html#sigProIdd27625828a