2022 жылдың 12 мамырында арнайы кітапхана оқырмандарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары М.М.Магеррамовпен және Нугманова Г.К кездесу өтті. Бұл жиында депутаттар ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін республикалық референдумға байланысты сөз сөйледі.
Республикалық референдумға «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы мынадай түсінтемедегі мәселе бойынша шығарылды: 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қабылдайсыз ба?
Осыған орай арнайы кітапхананың оқырмандарымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер туралы түсіндірме әңгіме өткізілді.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/aza-stan-respublikasy-parlamenti-m-zhilisini-deputattarymen-kezdesu.html#sigProId51d514566c