17 қараша күні Жамбыл облысындағы «Merke Radon» шипажайында Республикалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиынға облыстық және қалалық арнайы кітапханалардың басшылары қатысты.
Жиын басында «Бір ел – бір кітап-2021» республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханалары шығарған арнайы форматтағы кітаптар көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Дөңгелек үстел барысында әр облыстың ұсынған кітабы бойынша бейнероликтер көрсетіліп, «БНҚ кітаптарын және кітаптың дұрыс шығару жолдары» тақырыбында дәріс тыңдалды. Кездесудің екінші бөлімі «Ақпараттық қоғам және мүмкіндігі шектеулі азаматтар: халықаралық құқықта, заңнамада және тәжірибеде интернет-контентінің қолжетімділігі» тақырыбына арналды.