+7 (7182) 34-89-93

Отан қорғаушылар күні – Отанымыздың күзетінде тұрған барша халықтың мерекесі. Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасында өткен «Мен Отанға сенемін» мерекелік концерті нағыз ержүрек, батыл және күшті ер азаматтарға арналды.

 Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған үлгідегі №82 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері және музыка мектебінің оқушылары, «АЛЬ-АКИ» фольклорлық этнографиялық ансамблінің солисті Әсем Даутова музыкалық және көркемдік шеберліктерін көрсетті. Осы күні кітапханаға шақырылған мүмкіндігі шектеулі оқырмандар, ауған жауынгерлері, «Жас дәурен» Жастар үйінің тәрбиеленушілері көптеген жылы лебіздері мен түрлі құттықтаулар естіді.

Құттықтау сөзімен Май ауданының құрметті азаматы және отставкадағы подполковник Е.Баяндин мен Ауған соғысының ардагері А.О.Бердиев жылы лебіздерін білдірді.

Онлайн кім

Қазір 86 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр