Облыстық арнайы кітапханада Конституция күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы және Парламенті» деп аталатын құқық сабағы оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері арасында өткізілді.
Яғни бұл іс-шарада Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылғаны жөніндегі тарихқа көз жүгіртіп хронологиялық даталарды еске түсірдік. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 5 маусымында референдум өткізілді. Бұл дегеніміз, Ата заңға өзгерістерді халық болып, өз тағдырын өзі шешіп, мемлекеттің келешегін айқындау үшін референдум арқылы өткізген болатын. Ата заңға өзгерістер енгізу арқылы «Жаңа Қазақстанның» іргетасы қаланудағы үлкен істің бастамасы десек те болады. Сол себепті де Парламент отызға жуық заңға түзетулер енгізді. Бұл уақытты талап ететін күрделі процесс еліміздегі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтық қоғамды, жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға негіз болмақ.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/aza-stan-respublikasyny-konstitutsiyasy-zh-ne-parlamenti-y-saba-y.html#sigProId68219fde36