«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
3 ақпан күні сағат 10-00-де Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы ұжым арасында «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Президенттің жолдауынан жиналыс өткізді.
Президенттің жолдауын жыл сайын тыңдаймыз. Осы жылы 5 негізгі басымдығы талқыланды: экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруы, бизнес ортаны жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту және де институционалдық түрлендіру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
Жұма күні болғандықтан, жоспар бойынша оқырмандарға «Жұма жаңалықтар» ақпарат сағатын өткізді. Оқырмандар Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады. Айтылған мәселелер оқырмандар арасында талқыланды.
«Қазақстан –жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр» осы айтылған Президентіміздің сөздері оқырмандардың көңілінен шықты.
Біздің ұжым және оқырмандарымыз болашағамыздың жақсы болатынына сенімді, өз елімізді, өз Президентімізді мақтан тұтамыз. Біз Президентімізге сенеміз. Елбасымыз айтқандай: «Біздің басты күшіміз – бірлікте. Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз!». Осылай болатынына сенімдіміз!
Кітапханашы – А.Дашкенова «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы»
|