+7 (7182) 34-89-93

13 ақпан күні облыстық арнайы кітапханада «Сарыарқа самалына-90 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхананың қорынан жинақталған бірнеше кітаптар мен 1994 жылғы 15 ақпанда шығарылған №18 (12208) нөмірін дайындаған Төлеубек Қоңыровтың «Сарыарқа самалы» газеті мен жаңа басылымдар көрмеге қойылды.

Шарамыздың басты қонағы ретінде «Сарыарқа самалы» газетінің ардагері Социал Әйтенұлы; Басшы орынбасары Мұрат Қапанұлы Аяғанов; Бөлім басшысы Сая Молдайыпқызы Мұсабаева қатысып, зағип оқырмандармен  сұхбаттасып, Сарыарқа самалы газетінің тарихы мен Қоңыр Төлеубек  ағамыздың өмірбаянына шолу жасалды. Шара шашумен ашылып, жақсы лебіздерін білдіре тілекпен аяқталды.