Биыл көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтын туғанына – 125 жыл толды. Осыған орай рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру және «Шабыт» клубы аясында кітапханада 21 қарашада «Қазақтың ақыны, ағартушысы – демократы Сұлтанмахмұт Торайғыров» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
С.Торайғыровтың қысқа өмірінде ұлттық мәдениет тарихында лайықты орын алатын көптеген маңызды жұмыстар жасалғаны туралы айтылды. Оның поэзиясы, адамдарға деген сүйіспеншілікпен толтырылған, әлі күнге дейін азаматтық батылдықтың шыңына айналады. Кеш барысында оқырмандар Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығынан ақынның «Шәкірт ойы», «Оқу», «Мұздаған елдің жүрегін жылыту» жыр шумақтары тындалды. Оқырмандар назарына бейнероликтер мен кітап көрмесі ұсынылды.