Халқымызға аты әйгілі сөз зергері, ақын, көрнекті тұлға жырау, әулие, сонау зар заманда елді бірлікке шақырған бабамыз, Абылай ханның бас кесеңісшісі, ақылшысы – Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 355 толуына орай Бұқар жырауатындағы әдебиет және өнер музейімен бірлесе «Аса көрнекті ойшыл» атты музыкалық кеш өткізіліп, музей қызметкері Н.Шапағаттың орындауында «Есіңе мені алғайсын» әні кеш шымылдығын ашты.
Отыз жаста Алашқа аты шығып, ақын ғана емес, тілге шешен, ойға жүйрік, парасаттылығымен, ел арасындағы дау жан-жалға араласып билік айтып, өз ортасында жоғары көрінген Бұқар жырау Қалқаманұлы туралы рухани бай мұра оқырман қауымына жеткізілді.
Жетіген, домбыра аспаптарының сүйемелдеуімен ән шырқап, жырымен жырақтаған музей қызметкерлері Р.Шарапитова, Д.Сламғали, А.Егінбай кештін көркін енгізсе, М.Жұмәлі суырып салма ақындық өнерімен көрермен көңілінен шығып, ерекшеленді.
Кеш соңында оқырмандарымыз Қ.Сайфетинова, Е.Абенова, К.Садыкова жылы лебізін айтса, Е.Баяндин ағамыз бата беріп разылығын білдірді.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/b-ar-zhyrau-al-aman-lyny-tu-anyna-355-toluyna-oraj-asa-k-rnekti-ojshyl-muzykaly-kesh.html#sigProId856e5ac100