«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» Н.Ә.Назарбаев
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауында Тәуелсіз Қазақстанның дамуының жарқын үлгісін және нақты қадамдарын анықтап көрсетіп берді.
Облыстық арнайы кітапханада, тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында айтылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 4 жылда жеткен жетістіктері жайында оқырман конференциясы өтті.
Еліміздің қай салада болмасын қарыштап дамуы үшін Елбасының халыққа арнаған жолдауларының көмегі көп деп Павлодар облысы бойынша бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыс туралы Павлодар қаласының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асыру бөлімінің басшысы Кубенова Нурия Қалымқызы баяндады. Сонымен қатар Арнайы кітапхананыңда осы бағдарлама аясында іске асырылған ауқымды жобаларға шолу жасалып, бейнебаян ұсынылды.
Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс деп түсіну керек.