+7 (7182) 34-89-93

«Сарыарқа самалы» газетінде біздің кітапхана туралы 2 мақала шықты.

Зейнеткер және кітапхана оқырманы Еркін Ғабдунарсырұлы жазған «Кітапхана – жан азығы» мақаласында арнайы кітапхананың жетістіктері және жобалалары туралы айтылды. Осы жылы арнайы кітапхананың ең маңызды жетістігі «Рухани қазына-2021» Республикалық фестивалінде арнайы кітапхана ұжымы «Ең үздік көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» номинациясы бойынша женімпаз атанды.

«Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Тлеуберды Сахаба жазған «Ана тіліндегі кітапқа зәру» мақаласында қазақ тіліндегі арнайы кітаптар жеткіліксіз туралы мәселе қолғалды. Қазақстанда көз мүгедектеріне арналған кітаптар шығаратын типографиясы жоқ. Қиындықтарға қарамастан, арнайы кітапхана ұжымы өз күшімен нүктелі-бедерлі және дыбыстандырылған кітаптарды шығарады, осылайша қорды арнайы әдебиеттермен толықтырады.

15 07 2021 1

15 07 2021 2

Онлайн кім

Қазір 68 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр