Облыстық арнайы кітапханасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» тақырыбында кітапхана оқырмандарының балалары мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға «Домовята» театрлық шеберлік үйірмесінің қатысушылары мен «Amadeus» мерекелік кейіпкерлері өнер көрсетіп, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Театрландырылған қойылымдар, қызықты ойындар, ән-билер мен түрлі байқаулар ұйымдастырылып, бүлдіршіндердің мерекелік көңіл күйін арттырды.
Мерекелік іс-шараның өтуіне «Қайнар дос» қоғамдық қоры мен «Bellacasa» текстиль дүкені демеушілік жасап, балаларға тәтті сыйлықтар мен естелік тартулар ұсынды. Қор өкілдерінің қолдауы балаларға ерекше қуаныш сыйлап, мерекенің мәнін арттыра түсті.
Осындай игі шаралар балалардың жүздеріне күлкі сыйлап, олардың өмірге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/ba-ytty-balaly-sha-merekelik-erte-gilik.html#sigProIdc71420cbae

