+7 (7182) 34-89-93

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мен  2022 жыл – «Балалар жылы» болып табылады. Осы мерекеге орай Облыстық арнайы кітапханасы  С.Баязитов атындағы балалар кітапханасымен  бірлесе  көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған үлгідегі № 82 сәбилер балабақшасының бүлдіршіндері мен музыкалық мектеп балаларына «Балалар әлемі» фестивалін өткізді.

Мастер класпен ойын сауық ойындарын өткізу үшін арнайы екі алаң  бөлінді. Бірінші алаң кішкентай қонақтар үшін тактильді кітаптарға арналған болса, екінші алаң- әртүрлі қызықты ойындарға арналды.  Бүгінгі мерекеге ертегі әлемінен: Маша мен аю, түлкі, Айболит және т.б. кейіпкерлер қатысып, балалармен қызықты әртүрлі ойындар ойнап, әндер айтылды.

Балаларға мықты денсаулық, оқуда озат болуларына тілектеспіз!

Онлайн кім

Қазір 48 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр