«Домовенок» бүлдіршіндер клубының 30-жылдығына және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай арнайы кітапханада «Балалықтың жарық планетасы» атты балалар таңертеңгілігі өткізілді. Концерттік бағдарламада «Домовенок» клубының және «Жігер» жасөспірімдер клубының белсенді мүшелері қатысты.
Балаларға ертегі кейіпкерлері қонаққа келді: клоун Полосатик, Кнопочка және суретші. Олар жұмбақтар мен викториналарды өткізді. Шара өте қызықты өтті: балалар ән орындады, биледі, тақпақтарды айтып және флешмобпен аяқтады. Балалар кітапханашымен бірге «кітап – таңғажайып әлем» атты кітап көрмесіне саяхатқа барды.
Мереке аулада жалғасын тапты: балалармен асфальта сурет салу сайысына барлықтары қатысты.
Көңілді және шаттыққа толы балаларға тәтті дастархан жасалды.
Шараның демеушісі «Қазақ соқырлар қоғамы» МҚБ (төрағасы Д.Кабдулов) балаларға керемет тосын сый жасады: ертегі кейіпкерлерімен фотоссесия, қалалық бақта атракциондарда тегін көңіл көтеру ұйымдастырылды. Мереке ойдағыдай өтіп, белсенді қатысты.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/balaly-ty-zhary-planetasy.html#sigProId5d7fb02e8a