+7 (7182) 34-89-93

Жақсының аты өлмес, ғалымның хаты өлмес демекші бүгін біздің іс-шарамызға арқау болып отырған әйгілі жерлесіміз Махмет Қайырбаев – Ұлы Отан соғысының қаhарманы. Ол 1941 жылы майданға аттанып, ауыр ұрыстардың бел ортасында жүріп, ерлігімен көзге түсті.

Осы Павлодарлық жерлесімізді еске алу мақсатында Павлодар облысы қарттар мен жалпы мүгедектерге арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қарттарына  «Батырдың есімімен Павлодар көшелері аталды» атты ақпараттық сағаты өткізілді.  Іс-шараға қатысушылар жерлес батырымыздың өмірбаянымен  сонымен бірге жауынгерлік жолымен танысты. Арнайы кітапхананың белсенді оқырмандары Ж. Садықова және Л. Қызынғашева гитара және баян аспаптарымен әскери тақырыптағы әндерді орындады. Оның есімі – тарихта, ерлігі жүрегімізде мәңгі сақталады!

Онлайн кім

Қазір 227 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр