+7 (7182) 34-89-93

Баянауылдың аға сұлтаны боп сайланған, Мұса мырза атанған, қазақ өмірін, тұрмысын, салт-санасын өте жақсы білген, этнография, тарих саласында көптеген мақалалар жазып қалдырған Мұса Шорманұлының 205 жылдығына арналған «Баянауланың әйгілі перзенттері» атты тақырыппен арнайы кітапхана төрінде өлкетану сағаты өткізілді.

 Айтса айтқандай, Мұса Шорманұлы ой-өрісі кең, жатпай-тұрмай елінің қамын ойлаған, орыс әкімдерімен тең дәрежеде именбей, қазақ халқының атынан сөйлесе білген қоғам қайраткеріның өмірі мен ағартышылық қызметінен ақпарат ұсынылды.

Советтік идеология санамызды улағаны соншалық, еңбегі аса елеулі Мұса Шорманұлын санадан ысырып тастауға күш салғандығы туралы ендігі кезекте, біз ол кісінің Баянауыл еліне сіңірген өлшеусіз еңбегін қайта жаңғыртуымыз керек деген мақсат көзделген еді. Сол себепті өскелең ұрпақ Мұса мырзаны лайықты тануы үшін әлі де еңбектенуіміз қажет. Мәшһүр Жүсіптің өзі Мұса Шорманұлын қадір тұтқан. Әулие: «Мұса еді қосақтаған Мәшһүр атты» деп жырлады емес пе?

Онлайн кім

Қазір 97 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр