Кітапхана төрінде Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерей тойына арналған «Балалық шаққа саяхат» кітабының дыбыстық жазба нұсқасының тұсаукесері өтті.
Балалар әдебиетінің алып бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. Жазушының мерейтойы биыл ЮНЕСКО көлемінде тойланауда. Еліміздің барлық өңірлерінде «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қаламгердің 100 жылдық мерей тойы аталып өтті.
Жазушының қызы Соқпақбаева Самал Бердібекқызы, сондай-ақ Республиканың барлық кітапханалар ЗУМ желісі арқылы байланысқа шықты. Самал Бердібекқызы әкесі жайлы тың деректермен бөлісіп алғысын білдірді. Республикалық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана басшысы Байұзақов Асхат Құсайынұлына сөз берілді.
Кітаптың дыбыстық жазба нұсқасының басылып шығуына үлес қосқан Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ономастикалық жұмыс және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қайыр Батырбек Қайратұлы кітаптың лентасын қиып, сөз сөйледі.
Кітапхананың белсенді оқырманы Даутбаев Балабек «Қарабауыр қасқалдақ», «Қыздар», «Сәулем-ай» ансамбілінің мүшесі Кызынгашева Лилия «Көзімнің қарасы» әндерін орындады. Кешке №24 мектептің оқушылары мен кітапхананың белсенді оқырмандары қатысты. Тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапқа шолу жасалды.