Бүгін Облыстық арнайы кітапханасында Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Күн мен түн теңесетін мейрам қарсаңында мерекелік дастарқанды асқа толтырып, меймандарды қарсы алып, «С.Торайғыр» ауылы мен «Мәшхүр Жүсіп» ауылдың қонақтары «бесікке салу» және «тұсау кесу» ұлттық дәстүрлерін көрсетті.
Кітапхана қызметкерлері және Қазақ соқырлар қоғамы ұйымдастырған мерекелік концерт бүгінгі күннің мерейін үстем етті.
Көнеден қалған салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды сақтаған кітапхана Наурыз көжеден және баурсақтан дәм таттырды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/berekeli-mereke.html#sigProId9facd7602c