+7 (7182) 65-01-29

17 маусым күні зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада «Жемчужный возраст» жобасы аясында кітапхана оқырмандары – мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен «Би сиқыры» атты ерекше байқау өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, би өнеріне деген қызығушылықтарын көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Байқау бағдарламасында әсем вальс, танго және салтанатты полонез биі ұсынылды. Әрбір өнер көрсету сәті сұлулыққа, әсемдікке және ерекше атмосфераға толы болды.

Іс-шара барлық қатысушыларға жарқын әсер, жақсы көңіл күй сыйлап, бидің жас талғамайтынын және жүректерді біріктіретінін тағы да дәлелдеді.

Онлайн кім

Қазір 59 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр