+7 (7182) 65-01-29

Бүгін «Зерделі ұлт» бағдарлама бойынша балақайлармен танымдық сағат нағыз жарқын эмоциялар мен жаңа жаңалықтарға толы ерекше күн болды!

​ Бүлдіршіндерімізбен бірге үлкен әлемге саяхат жасап, қызықты тапсырмалар мен ойындар ойнадық:​ ақылды жұмбақтарды шешіп, алғырлықтарын көрсетті; «Болашақ мамандықтар» әлеміне саяхат жасап, кім кім болғысы келетінін ортаға салды; ең қызығы – балалардың армандары мен талаптарынан құралған «Болашақ ағашын» бірлесіп жасадық!

​ Кездесу соңында әрбір кішкентай кейіпкерімізге арнайы медальдар мен мадақтамалар табысталды. Балалардың қуанышы мен бақытқа толы көздерін көру – біз үшін ең үлкен марапат!

​ Болашағымыз жарқын, ал ұрпағымыз білімді болсын!

Онлайн кім

Қазір 10 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр