Байқауға көру қабілеті нашар және басқа да мүмкіндігі шектеулі мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға арналған тактильді кітаптар қабылданады.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы мен «М. Әлімбаев атындағы Павлодар қаласының ЖОМ» КММ «Білімге жол атты» тактильді кітап онлайн-байқауына қатысуға шақырады!
Байқауға ерекше балалармен жұмыс жасайтын мекемелер, қалалық және аймақтық, сондай-ақ ауылдық мектептер мен кітапханашылар және жеке тұлғалар қатыса алады.
♦ Әр жұмысқа келесі мәліметтер қоса берілуі керек: аты, жасы, жасалған жұмыстың атауы, мекен-жайы.
♦ Жұмысты тапсырудың мерзімі: 2021 жылдың 06 желтоқсанға дейін
Қорытындылау күні: 2021 жылдың 10 желтоқсанында
Жасалған жұмыстарды Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы мекен-жайына (Амангелді көшесі 17/1)жібере аласыздар.