12 жылдық тарихы бар республикалық «Бір ел –бір кітап» акциясының 2018 жылы өзіндік ерекшелігі бар. Жалпы қазақстандық оқуға әр жылда бір ғана шығарма таңдалса, биыл үш бірдей шығарма таңдалған екен. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя».
Ерекшелігіне қарай облыстық арнайы кітапханасы «Covorking» орталығында орыс тілінде, оқу залында қазақ тілінде және де балаларға қызықты болатындай экскурсия ретінде акцияны блок –блок бойынша топтастырып өткізді.
Әр жұмада болатын іс-шарада «Бір ел-бір кітап» акциясына таңдаулы шығармаларды оқып отыруды ұйғарған кітапханашылар, Шәкәрім Құдайбердиевтың жастар, кәрілік, өмір туралы өлеңдерінен бастау алды.