+7 (7182) 34-89-93

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында қалыптасқан дәстүрге айналып келеді. Аталған жоба қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған.

Сол себепті  2022 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында оқуға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары ұсынылды. Қазақ елі үшін Ахмет Байтұрсынұлы ерекше тұлға, ол мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы.  Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша оқу ұсынылады:

  1. «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»;
  2. «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»;
  3. «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»;
  4. «Қазіргі заманғы ахметтану ғылымы».

Онлайн кім

Қазір 97 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр