«Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар» деп дана халқымыз айтқандай оқырманын ойға жетелейтін, дүние сырына тереңірек үңілдіретін, шығармаларын қазақ баласы сүйсініп оқитын танымал жазушы, белсенді қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлының биылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жалпыұлттық оқуға таңдалған «Парасат майданы» повесі, нүктелі бедерлі және аудиоформатында жарыққа шығарылған кітабының тұсау кесері өткізілді.
Іс шараға видеоватсап желісі арқылы Төлен Әбдікұлы мен ZOOM платформасында Қазақстан Республикасы бойынша арнайы кітапханалар және кітапхана төрінде белсенді оқырмандар мен Павлодар қ. №24 мектептің 9 сынып оқушылар қатысты. Іс шараны Павлодар облыстық Иса Байзаков атындағы филармония әншісі Анель Канатқызы «Ақ тілек» әнімен ашса, кітапхананың белсенді оқырманы Алдамбергенов Жанғабыл лента қию салтанатты рәсімін жасады. Авторға оқырмандар мен оқушылар сұрақ қойып мағыналы сұхбат жүргізді. Автор «Парасат майданы» кітабының мәні мен мағынасын ашып, бойынан өткізген шығармашылық шабытпен бөлісті. Алғашқы жазған туындыны еске ала жеткен жітістікке тер төккен еңбегімен ізденісті жастарға патриоттық тәрбиелік насихат ретінде сөз айтты.
Оқырман Алдамбергенов Ж. авторға жеке шығармашылығынан ән шашу сыйлады.