+7 (7182) 34-89-93

12 шілде күні облыстық арнайы кітапханада «Бір ел – бір кітап 2019» республикалық акциясы өткізілді.  Биылғы жылы таңдап алынған Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділдә Тәжібаевтің өлеңдер жинағы талқыланды.

«Бір ел – бір кітап» акциясының шығу тарихына мәлімет беріліп,  халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Ә.Кекілбаевтің, ақын, драматург, әдебиет зерттеушісі, жыр дүлділі Ә.Тәжібаевтің өмірі мен шығармашылығымен таныстырылды.

Белсенді оқырман Ибраева Балкен Тәжібаевтің «Сыр жырлары» өлеңін оқыды. Біз кітапты оқи отыра,  екінші бір оқырманға табыстай келе кітапқа екінші бір жаңа өмір сыйласақ, достарымызға – үлкен қызықты әлем сыйлаймыз. Баршаларыңызды  «Бір ел – бір кітап» акциясына қолдау білдіруге және іс - шарамызға қатысуға шақырамыз!

Онлайн кім

Қазір 69 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр