Облыстық арнайы кітапханасында 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында!» - атты мерекелік концерт өтті.
Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастықта, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды.
Мерекелік концертке Павлодар облысы «Достық үйінен» әр түрлі ұлт өкілдері қатысты: «Воля» вокалдық ансамблі, музыкалық жетекшісі М. С. Медведева, “СырЭны” вокалдық ансамблі, музыкалық жетекшісі М. Е. Ершова, «Маргаритари» вокалдық ансамблі, музыкалық жетекшісі Ю. Г. Соловьева.
№24 мектеп оқушылары қатысып, «Бейбітшілік, келісім және жасампаздықтың 30 жылы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/bir-sha-yra-astynda-atty-merekelik-kontsert.html#sigProId575700c716