Биыл композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Естай Беркімбаевтың туғанына 155 жыл. Арнайы кітапханада арқалы ақынның өлең жырларынан паш еткен «Бір жұлдыз бар аспанда шолпан қаққан» деген әдеби музыкалық кеш ұйымдастырылды.
Мәдени кештің шымылдығы И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының әншісі А.Ботаеваның орындауында Естай ақынның «Сандуғаш» әнімен ашса, көз мүгедегі ақын ағамыз Ж.Алдамбергенов «Қоштасу» әнімен жалғастырды.
Дара тұлғаның әр туындысының өзіндік тарихы бар. Халық композиторы ән айта жүріп, ата-бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жалғастырған. Әншілікпен қатар, кейін, ән жазуға бет бұрады. Бұлбұл әншілердің ортасында өскен Естай ақын туғаннан өнерге жақын болған. Ана сүтінен дарыған өнер деседі. Қоржындағы жырлары өзіндік ерекшелігімен, саздылығымен дараланатын. Қазақ өнерінде биік шыңға жеткен композитордың әндері тыңдарманның ерекше ықыласына бөленген.
Кеш соңында кітапхана оқырманы Б.Даутпаевтың орындауында «Поппури» көңілді дүр сілкіндіріп, көрермен көңілінен шықты. Сонымен қатар «Арқада ән тербеген» кітап көрмесінен шолу жасалды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/bir-zh-ldyz-bar-aspanda-sholpan-a-an-debi-muzykaly-kesh.html#sigProId43be690900