+7 (7182) 34-89-93

Біржан-сал Қожағұлұлының 185 жыл толуына орай 17 сәуір  күні облыстық арнайы кітапханада «Біржан-сал» атты әдеби сағаты өткізілді.

Біржан-сал қазақ әдебиетінде, мәдениетінде аса ірі тұлғаның бірі, қазақ ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі.

Іс-шара барысында Біржан-салдың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы айтылып, бейнетаспа көрсетілді. Әдеби сағаттың көркі мен сәні болған Павлодар облыстық Иса Байзақов атындағы филармония солистері Ербол Айтбаев пен Жанболат Байсолтанов Біржан-салдың «Теміртас», «Бурылтай», «Жонып алды» әндерін шырқап, сазды ән жүректі тербеді.

Онлайн кім

Қазір 60 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр