2016 жылдың желтоқсанның 9-ші күні сағат 17.00-де «Жас Даурен» Жастар үйінде көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы «Біз дені сау ұлт үшін» атты ақпараттық сағатын өткізді. Аталған іс-шара ЖҚТБ-мен Дүниежүзілік күрес күніне арналды.
Кітапханашы Рахметова Б. қатысқан жасөспірімдерге ЖҚТБ-ның қайдан пайда болғанын, аурудың көлемін және ВИЧ індетін жұқтырған адамдарға қоғамның көзқарасы туралы айтып берді.
Іс-шара жастар би кешімен аяқталды.