+7 (7182) 34-89-93

30 қараша күні Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыстық арнайы кітапханада жыл сайынғы «Брайль қарпімен оқу және жазу» байқауы өтті.

9 қатысушы Брайль жүйесі бойынша сауатты жазу әдістемесі бойынша өзара сайысқа түсті.Байқау нәтижесінде жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Балалар категориясының жеңімпаздары: 1 орын – Максим Бирюков, 2 орын – Сабрина Алпысова, 3 орын – Абдулова Рунара.

Ересектер категориясының жеңімпаздары: 1 орын – Асаинова Диляра,

2 орын – Герасимова Вероника, 3 орын – Алмағамбетова Нұрбике.

Байқаудың қалған  қатысушылары Салықов Нұрсұлтан, Күренбаева Айжан, Утениязов Амир алғыс хаттармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Байқауды ұйымдастыруға және өткізуге қаржылай демеушілік көрсеткені үшін Кинжикова Шолпан Духтурбаевна жеке алғыс хатпен марапатталды.Сондай-ақ №7 арнайы мектеп-интернатының педагогикалық ұжымы алғыс хатпен марапатталды.

Онлайн кім

Қазір 58 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр