Тұңғыш Президент күніне орай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада жыл сайынғы «Брайль бойынша оқимыз және жазамыз» сайысын өткізу дәстүрге айналды.
Өткен жылы диктант жазып, сауаттылықты тексеріп, жазудың жылдамдығын ескерсек, биылғы жылы оқу техникасын меңгеру қабілеттеріне баса назар аударылды.
Байқау екі жас тобында өтті: 1 топ - облыстық арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаттың зағип оқушылары, 2 топ - Брайль жүйесін жақында меңгерген көру бойынша ересек мүгедектер.
Шараға «Қазақ халқының ұлы көшбасшысы» - «Великий лидер казахского народа» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар сайысты өткенше, кітапханашылар Н. Назарбаев туралы «Көшбасшы және Тәуелсіздік», «Таңдамалы сөзі», «Қызмет шежіресі 2000» кітаптарына шолу, Луй Брайльдің өмірбаяны мен ол жасаған жүйесін білу викторинасы, «Нұрсұлтан Назарбаев және жаңа қазақ мемлекеті» дауыстап оқуы, С. Торайғыров атындағы ОӘҒК халықаралық кітабы секторының жетекшісі А.Ж. Сүлейменова өткізген «Америка бұрышы» презентациясы өтті.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мадақтама қағаздармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мектеп-интернат оқушылары арасында:
1 орын–Бирюков Максим, 2 орын – Еременко Константин.
Кітапхана оқырмандары арасында:
1 орын – Перфильева Зоя Мироновна, 2 орын – Асаинова Диляра, 3 орын – Дедкова Фаина Анатольевна иеленді.
Қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге материалдық демеушілік көмек көрсеткені үшін Дүйсембі Қасенұлы Қабдуловқа алғыс хат берілді.
Сондай-ақ, іс-шарада «READING HANDS» - «САУСАҚ ҰШЫНДАҒЫ ӘРІП» онлайн-байқауының қорытындысы жарияланды. Бұл байқауда орындар келесідей бөлінді:
1 орын - Мұхамеджолов Серік Қайыргелдіұлы
2 орын-Бирюков Максим
3 орын - Герасимова Вероника
Байқау жеңімпаздары мадақтама қағаздары мен бағалы сыйлықтар алды.