+7 (7182) 34-89-93

Зағип жанның сауатты болуына негіз болатын Брайль қарпімен оқу дәстүрін сақтау және кеңейту мақсатында 2022 жылдың 7 желтоқсанында облыстық арнайы кітапханасы жыл сайынғы балалар арасында өткізілетін «Брайльша оқимыз және жазамыз» байқауын өткізді.

          Нәтижені бағалау кезінде ауызша сөйлеудің жылдамдығы мен дұрыстығы, мәнерлілігі және оқылған сөздердің саны ескерілді. Оқушылардың сауатты оқуын байқай барысында қазылар алқасы мүшесі ретінде  кітапхана басшысы Ж.К. Кенжебекова  және көзмүгедек оқырмандары Ж.М.Садықова мен  Г.Т. Адамжанова төреші болды.

          Байқау қорытындысы бойынша үшінші орынға Нұрсултан Салыков (7 сынып),  екінші орын  Рунара Абдуловаға берілді. Байқаудың ең үздік оқырманы болып Константин Еременко (10 сынып) атанды.

Байқаудың барлық қатысушыларына  алғыс хаттар мен сыйлықтарға табыс етілді.                      

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр