5 желтоқсан күні Халықаралық мүгедектер күніне орай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада жыл сайынғы дәстүр бойынша «Брайльша оқимыз және жазамыз» байқауы өтті.
Өткен жылы диктант жазып, сауаттылықты тексеріп, жазудың жылдамдығын ескерсек, биылғы жылы оқу техникасын меңгеру қабілеттеріне баса назар аударылды.
Байқау жас ерекшеліктеріне байланысты 2 топқа бөлінді олар: орта жастағы 1-2 дәрежедегі көз мүгедектегі бар оқырмандар арасынан болса, ал екінші топта-облыстық арнайы жалпы білім беретін №7 мектеп-интернаттың зағип оқушылары бақ сынады.
Байқау барысында тифлопедагогикалық оқу құралдарының көрмесі ұйымдастырылып, саусақ ұшының сипап-сезу мүшесінің қаншалықты жақсы дамығандығын тексеру үшін «Түртіп ал!» тактильді ойыны ойнатылды және Луи Брайльдің өмірбаяны жайында қысқаша ақпарат айтылып, оқырмандар арасында викториналар өткізілді..
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мадақтама қағаздармен қатар бағалы сыйлықтарға да ие болды.
Мектеп-интернат оқушылары арасында:
1 орын – Абдулова Рунара, 2 орын – Оспан Алихан, 3-орынды Салыков Нұрсұлтан иеленді.
Кітапхана оқырмандары арасынан:
1 орын – Садықова Жеңісгүл Молдабайқызы, 2 орын – Кызынгашова Лилия Виниаминовна,3 орын – Дедкова Фаина Анатольевна қанжығасына байалады.
Сондай-ақ №7 арнайы мектеп-интернатының ұжымы мен шараға демеушілік көрсеткен Павлодар облысы «Қазақ соқырлар қоғамы» бірлестігінің жетекшісі Д.Қ.Қабдулов алғыс хатпен марапатталды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/brajlsha-o-imyz-zh-ne-zhazamyz-zhyl-sajyn-y-sajysy.html#sigProIdf3a827628d