+7 (7182) 34-89-93

2016 жылдың 30 қараша күні сағат 10.00 де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, Тұңғыш Елбасы күніне арналған  Облыстық арнайы кітапханада «Брайльша оқимыз және жазамыз» атты жылсайынғы сайыс өткізілді. Кітапхана оқырмандары А.Идирысова, Б.Аубакирова, Н.Симоненко, Ф.Абдуллина, А.Малахова және Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернат оқушылары: Д.Асаинова, В.Герасимова, Р. Ивасенко, М.Бирюков, К.Ерёменко, А.Куренбаева сайысқа белсенді қатысты.

Сайыстың қатысушылары жас ерекшеліктеріне қарай 2 топқа бөлінді: 1-топ ОЖБМИ оқушылары және 2-топ брайль жүйесін қоғамдық-мұғалімнің үйретуімен және дербес меңгерген көз мүгедектері.

«Нұрсұлтан Назарбаев және жаңа қазақ мемлекеті» атты кітап көрмесі мен кітаптарына шолу ұйымдастырылып, бедерлі-нүктелі жазудың құрылуы жөнінде сұрақ-жауап өткізілді.  

ОЖБМИ оқушылары 1-ші орын – Д.Асаинова, 2 ші орын – В.Герасимова, 3- ші орын – М.Бирюков ие болды.

Кітапхана оқырмандары: 1- ші орын –  Б.Аубакирова, 2-ші орын – А.Идирысова, 3- ші орын – Н.Симоненко ие болды.

Сайыстың қорытындысы бойынша жүлдегерлерге мадақтама қағаздары мен бағалы сыйлықтар берілсе, ал белсенді атсалысқан оқырмандар мен оқушыларға алғыс хаттары мен жігерлендіру сыйлақтары табысталды.

Онлайн кім

Қазір 44 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр