5 - ші желтоқсанда әр жыл сайын облыстық арнайы кітапхананың ұйымдастырылуымен өткізілетін «Брайльша жазамыз және оқимыз» атты байқауы өтті.
Бұл байқаудың басты құндылығы үздік брайльша жазу оқу техникасын жеттік меңгерген облыстық арнайы кітапхана оқырман ересектер арасында және балалар арасында жыл үздігін анықтау.
Сондай-ақ бұл байқау «Халықаралық мүгедектер» күніне орай ұйымдастырғандықтан, ерекше жаратылған адамдардың қоғамда тең дәрежеде өмір сүруге болатынын айта кеткен жөн. Себебі мұндай жандар да, заман талабына сай өмір сүріп, өздерінің көздеген арман-мақсаттарына жетуге құқылы. Міне сондықтан біздің арнайы кітапхана тарапынан да ерекше жандарға арнап осындай дәстүрлі байқауымызда яғни сауатты және жылдам брайльша мәтінді тыңдап 2 минут ішінде жазу сайысын өткізе отырып қарама-қарсы кезегін күткен қатысушылар арасында саусақ ұшымен сипап сезуге арналған тактильді ойын түрі ұйымдастырылды.
Сайыс қортындысы бойынша қазылар алқасы үздік орындаған арнайы мектеп-интернатының оқушылар арасында 1-ші орынды А. Оспан, 2-ші орынды Р. Абдулова, 3-ші орынды Н. Салыков және көрермендер көзайымы жүлдесін ең жас қатысушы А.В. Гайнетдинов иеленді. Ал ересек оқырмандар арасында 1-ші - орынды Г. Адамжанова, 2 - ші орын Л.В. Кызынгашева, 3-ші орын А. Утениязов иеленсе алғыс хаттармен Ф.А. Дедкова және Қ.Д. Сайфеттинаова марапатталды. Жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/brajlsha-zhazamyz-zh-ne-o-imyz-baj-au.html#sigProIde879e79f16