18 сәуірде отбасылық жанжалдарға қарсы жүйелі әлеуметтік, оңалту және ағарту жұмыстарын қоса алғанда, отбасындағы зорлық-зомбылық профилактикасының тиімділігін арттыру, отбасылық тәрбие, білім беру, мәдениет мәселелерін қамтитын шаралар кешенін қабылдау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Павлодар облыстық арнайы кітапханасында учаскелік полиция инспекторы Жадрин Қанат Ерсайынұлының шақыруымен «Отбасы – ошақ қасы» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында отбасы, бала тәрбиесі, жанұядағы жанжалдардан қандай заң қорғайтыны және т.б тақырыптар талқыланды.
Шара аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан өзіңізді қалай қорғауға болады» нүктелі бедерлі форматтағы жадынама шығарылды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/d-gelek-stel-otbasy-osha-asy.html#sigProIdb8711113b5