2017 жылдың 19 қантар күні облыстық арнайы кітапханасы «Шабыт» клубының аясында Д.А.Қонаевтың 105 жылдығына арналған «Қазақтың бір туар ұлы Д.А.Қонаев» атты естелік кешін өткізді.
Ескерген — ескісін сақтайды,
Ел болған естісін мақтайды дегендей, іс шарамыз аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаевтың өмірбаянына, еңбек жолына, игі істері мен жетістіктеріне шолу жасалды. Мемлекет және қоғам қайраткері, қызметтес Сұлтан Жиенбаевтың «Қонаев жайлы естелік» және Д.Қонаев «Ұлтымыздың ұлы тұлғасы» туралы бейнебаян мен Нұрмұқасан тобының орындауында «Бақанас жердің байтағы» атты үн таспа тыңдалды.
Өнерді қолдаған Ұлы тұлға Д.А.Қонаев ағамызға өнер сүйер ақын құр алақан қалған емес Рафаэль Ниязбек, Ораз Қауғабай, Өтеш Қырғызбай деген ақын ағалардың өлеңдерінен үзінді оқылды.
Сонымен қатар кітапхана оқырманы, жергілікті ақын апамыз Аққузинова Бақжамал Ағыманқызының «Арайлап таңым атады» атты кітапбынан Д.А.Қонаевтың 100 жылдығына арналған еске алу өлеңі ерекше орын алып оқырман көңілінен шықты.
Д.А.Қонаевты көз-көрген кітапхана оқырманы Е.А.Баяндин ағамыз өз естелігімен бөлісіп және кеш қонақтары өз лебіздерін білдірді.