Қазақ зағиптар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорнының тігін цехы қызметкерлеріне арналған облыстық арнайы кітапхана Есімхан Шығайұлының 395 жылдығына арналған дауыстап оқуларын өткізді. Цех қызметкерлеріне Есімхан туралы ақпарат берілді.
Бұхарға жорық кезінде Есім сұлтан Қазақ хандығының ханы болады. Қазақ хандығына сыртқы басқыншылықты тойтарудағы ерлігі үшін Есім хан халық арасында (Ержүрек Есім Алып) лақап атқа ие болды. Оның билігі Қазақ хандығының Қасым хан мен Хақ Назар ханнан кейінгі үшінші нығаю уақыты болды. Ол Бұхара хандығымен бейбіт келісім жасайды. Оның басты мақсаты Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекетке айналдыру болды. Хан қазақ хандығының әскери қуатын нығайтуға, сұлтандар мен төре өкілдеріне кең әскери-саяси өкілеттік беруге ерекше көңіл бөлді.