16 қазан күні облыстық арнайы кітапхана Естай Беркімбайұлына арналған «Дүние-ай» атты әдеби- музыкалық кешін өткізді. Кештің тақырыбына арнап Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының әншісі Ахметов Бауыржан «Құсни-Қорлан» әнімен қатар, «Дүние-ай» әнін домбыраның сүйемелдеуімен орындады. Е.Беркімбайұлының жалғыз ұлы Жанәбілдің артынан қалған қыздары Зекен мен Зейнештің Естай жөнінде алынған ақпаратынан бейнебаян көрсетілді. Аталған тақырыпта кітап –жұрнал көрмесі ұсынылды. Оқырмандар көңілді әндерге қосыла кетті.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/debi-muzykaly-kesh-d-nie-aj.html#sigProId56ad903b8a