+7 (7182) 34-89-93

10 тамыз күні облыстық арнайы кітапханада  Абай күніне орай «Ұлы халықтың- ұлы Абайы» атты әдеби- сазды кеші өтті.  Аталмыш іс-шараға тұрақты оқырмандар, әдебиет сүйер қауымы қатысты. Кітапханашы шақырған қоңақтарды мерекенің тарихымен таныстырып, Абай күнімен құттықтады. 

Іс-шараға өз үлесін қосқан «Шафер» музейінің қызметкерлері Абай атамыздың бейне-таспа арқылы  өмірбаянымен, шығармаларымен қоңақтарынды таныстырды және Абайдың 1949,1957, 1967 жылдары жазылған әуендерін тыңдатты. 

Іс-шара барысында белсенді оқырмандарымыз Аккузинова Бақжамал апамыз  бен Нұрбике Сейілханқызы Абай атамыздың «Есіңде бар ма жас күнің», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ» атты өлеңдерін жатқа айтты. Әдеби кештің соңы мерекеге ұйымдастырылған «Абай-дана, Абай-дара» кітап көрмесіне  қойылған әдебиеттіне шолу жасалуымен аяқталды.

Онлайн кім

Қазір 103 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр