+7 (7182) 34-89-93

14 тамызда облыстық арнайы кітапханада  қазақ ақыны, философ, композитор, ағартушы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай күніне арналған "Ұлы халықтың - ұлы" атты әдеби кеш өтті. Іс-шара Абайдың "Көзімнің қарасы" әнімен басталды, ал оның белсенді оқырмандары: "Сәулем-ай" ансамблі, Нұрбике Алмағамбетова және Балкен Ибраева ұлы ақынның өлеңдерін оқыды.

Бұдан әрі шараны Шафер мұражай үйі қорының бас сақтаушысы - Тынышгүл Бүркітбайқызы жалғастырып, Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығын баяндады. Сондай-ақ, қор сақтаушысы іс-шараға қатысушыларға Ришат Абдулиннің орындауындағы Н. Шафердің " Көзімнің қарасы " коллекциясынан сирек кездесетін әндер жазбаларын ұсынды (1957 және 1969 ж.). Іс-шара соңында белсенді оқырман Бейбіт Ақылбеков Абайдың "Айттым сәлем, қаламқас"әнін орындады.

Онлайн кім

Қазір 64 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр