+7 (7182) 34-89-93

Облыстық арнайы кітапхана төрінде жазушы, ақын және сатирик Ғалымбек Жұматовтың 70  жылдық мерейлі жасына байланысты «Жырмен сырласу» әдебиеттік сағат өтті. Қазқтың салт-дәстүрімен жергілікті ақын Бақжамал Ағыманқызы шашу шашып, салтанатты түрде ашу рәсімі жасалды.

Бұл сырласуда ақынның өмірбаяны мен шығармалары жайында өз аузынан естіп сонымен қатар тұрақты оқырмандар мен көзкөрген азаматтардың пікіріне тәнті болды.

Сырласу барысында Ғалымбек мырзаның шығармалар жинағынан өлең шумағы мен сатирик жанырындағы әңгімелерден де үзінді оқылды.

Әдеби кешіміздің көркін кіргізген, оқырмандардан құралған «Сәулем Ай» ансамбілі әннен шашу шашып, Ғалымбек Жұматовқа өздерінің шын жүректен құттықтауларын айтып, кеш соңы ақынның ақ батасымен аяқталды.

Онлайн кім

Қазір 16 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр