+7 (7182) 34-89-93

14 шілде күні облыстық арнайы кітапханада «День памяти Павла Васильева» атты әдеби кеші өтті. Шараға Павлодар ақындары –Павел Васильев атындағы әдебиет бірлестігінің мүшелері қатысты. Павел Васильев шығармашылығынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мұражай басшысы З.С.Мерц 20 ғасырдағы ақын, жерлесіміз  П.Н.Васильевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтты. Павел Васильев атындағы әдебиет бірлестігінің төрағасы, ақын Татьяна Окольничья П.Васильевтың «Песня о Серке» және өз шығармашылығынан «У бюста Павла Васильева» деген  өлеңдерін оқыды. Шара барысында бейнебаяндар көрсетілді. Шара соңында  біздің кітапхана оқырмандары Л.Кызынгашева ақын шығармашылығынан және О.П.Григорьева Павел Васильевқа арнаған өлеңін іс шара қонақтарына оқыды.

Онлайн кім

Қазір 64 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр