Салауатты өмір салты – көптеген жағымды әдеттердің, сондай-ақ адам ғұмырының ұзақтығының кепілі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы денсаулықты жақсарту және бақытты ғұмыр кешу. Денсаулықтың жақсы болу, өзіңді толыққанды сезіну, қалаған жұмысыңдағы міндетіңді атқарып өмірге деген құлшынысы арта түседі.
6-шы желтоқсанда «Жас ұрпақ» жастар үйінің қатысуымен «Дені сау жастар – дені сау ұлттың болашағы» акциясы өтті. Кітапхана қызыметкерлері келген қонақтар арасында сұрақ-жауап викторина мен ұтылмас лотерея өткізді.«Дені сау жастар – дені сау ұлттың болашағы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кездесу барысында салауатты өмір салты жайлы тақырып қозғалды.