+7 (7182) 34-89-93

Бүгін 2018 жылдың 6 сәуір күні көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханада Денсаулық күні.  

Кітапхана қызметкерлері таңды «Жүгіру» сайысынан бастады. Көтеріңкі көңіл күйдің жалғасы ретінде Флешмоб өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысында осы күннің тарихы туралы айтылды. Шара қонағы «Салауатты өмір салтын қорғау орталығы» дәрігер Суйеукенов Б.С. көп жылғы еңбегінің арқасында пайдалы өнімдер туралы қызықты нұсқаулық-ақпарат берді. «Дәрісіз емдену» кітап көрмесінен шолу өткізілді. Содан кейін, барлықтары физкультминуткаға белсенді қатысты.

Шараның соңында «жүгіру» сайысының қорытындысын жасап, женімпаздарға дәрумендерге бай сыйлықтардан тарту жасалды: 1 орын- алмұрт 1 кг, 2 орын – мандариндер, 3 орын – алма.

Ас болсын, ауырмаңыздар!  Әрқашан көңілді болыңыздар! Дені саудың –жаны сау!

Онлайн кім

Қазір 16 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр