+7 (7182) 34-89-93

15 сәуір күні облыстық арнайы кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақ зағиптар қоғамында дінтанушы, философ, қазақ философиясы тарихының маманы, абайтанушы, мемлекет қайраткері Ғарифолла Қабдыжаппарұлы Есімнің 75 жас мерейтойына арналған әдеби сағаты өтті.

Ақынның шығармалары мен газет беттеріндегі мақалаларының көрмесі ұйымдастырылды. Соның ішінде: «Ақ өлен-аққулы мекен» атты кітабы, «АҚИҚАТ» журналы, қазақ әдебиеті энциклопедиясы, республикалық және жергілікті газеттердегі басылымдары табысталды.

Ғарифолла Есім 1947 жылы 15 сәуірде Павлодар облысы, Лебяжі ауданындағы Жалтыр көлінің шығыс жағалауындағы шағын ауылда туған. 1970 жылы Семейдің педагогикалық институтының филология факультетін үздік бітіріп, сонда философия және саясаттану кафедрасында оқытушы болып орналасқан. 1973 жылы В.И.Ленин атындағы Мәскеудің Мемлекеттік университетінде зерттеуші-стажер болып білімін жетілдірген. 2007-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты болды.

1994 жылы «Абай дүниетанымындағы Алла мен Адам болмысы» деген тақырыпқа «09.00.06. – дінтану, теология» мамандығы бойынша философия ғылымдарының докторы атағын алу үшін диссертация қорғаған. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланған.

«Хакім Абай» (1994), «Санадағы таңбалар» (1994), «Абайдың дүниетанымы мен философиясы» (1996), «Прошлое в настоящем» (2003), «Адам – зат», (2003) сияқты кітаптардың авторы.

Жерлесімізді мерейтойымен құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!

Онлайн кім

Қазір 79 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр