2018 жылдың 22 тамызында кітапханада «Добрый праздник урожая» атты мерекелік шара өткізілді. Қонақтар арасында көкөністерден жасалған ең дәмді тағамға сайыс жарияланды. В.Х. Косович «Золотая осень» атты өз өлеңін оқыды. Мерекелік шарада «Күз ханшайымы» мен «Пугало» қонаққа келді. Оқырмандардың арасында аса белсенді болып, би мен әндерін шашу еткен дарын иелері де табылды. Зал «Біздің бақ» деп аталатын композициямен безендірілді. Мерекелік шараға белсенді қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар табысталды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/dobryj-prazdnik-urozhaya-2.html#sigProIdbba02a0070